Брынза мен асшаяндар қосылған грек конвертшелері

20 мин

Оңтүстік Американың корольдік асшаяндары ең сапалы болып есептеледі, себебі бұл өңірдегі фермаларда асшаяндарды ұстаудың қатаң ережелері бар, асшаяндар жасанды су қоймаларында емес, теңіз суында өсіріледі.

Құрамы

• Құйрығы бар тазартылған корольдік асшаяндар ж/м 31/40 «ПРИОРИТИ» VIČI - 300 г
• Брынза - 150 г
• Сарымсақ 2 бадана

• Фило қамыры
• Жұмыртқа - 1 дана
• Аскөк, бұрыш
• Өсімдік майы

Дайындық

1
Асшаяндарды ерітіңіз, құйрықтарынан тазартыңыз.
2
Брынзаны, майдалап туралған аскөк пен туралған сарымсақты араластырыңыз.
3
Фило қамырын мұздату камерасынан алып шығыңыз, бөлме температурасында ерітіңіз. Жаймаларын төр бөлікке бөліп кесіңіз.
4
Дайындалған қамырдың бұрышына брынзадан жасалған салманы, екі-үш асшаянды салыңыз да, конверт тәрізді бүктеңіз. Жақсы ұсталуы үшін әрбір конвертке соңында силикон жаққыштың көмегімен жұмыртқа жағыңыз.
5
Табаға майды қыздырыңыз немесе дайындау кезінде фритюр қолданыңыз. Конвертшелерді қытырлақ болғанға дейін қуырыңыз. «Тзадзики» соусымен керемет үйлеседі.