Кәуапты көмірге қуырудан шаршадыңыз ба?
Ал, сіз грильге сегізаяқтыларды, асшаяндарды немесе кальмарларды дайындап көріңіз. Сіз теңіз өнімдерінен жасалған таңдаулы тағамдарды оңай дайындай аласыз, бірақ бірнеше қарапайым ережені білу қажет.
Сіз бұл теңіз өнімдерін дүкен сөрелерінен оңай таба аласыз, өйткені оларды 12 шілдеден 31 тамызға дейін сатып алу арқылы, инновациялық грильді ұтып ала аласың! Тіпті, әр апта сайын біз одан да көп жүлде ұта аламыз.
Vici өнімін сатып алыңыз 2021 жылғы 12 шілде – 31 тамыз аралығында Grill and Chill жапсырмасы бар акциялық өнімді сатып алыңыз.
Telegram-да чекті тіркеңіз Акциялық өнімі бар чекті Telegram-бот-та «ViciPromoBot» тіркеңіз
Күшті сыйлықтарды ұтып алыңыз RGL алаңында 2021 жылғы шілде мен тамыз аралығында өтетін ұтыс ойындарына қатысыңыз
Чектер неғұрлым көп болса, ұтысқа жету мүмкіндігі де соғұрлым көп болады!
Бас жүлде - гриль Berghoff
Тамаша жылу жинақтау қасиеттерінің арқасында, Berghoff 2415700 керамикалық көмір гриль пеші жоғары температураға дейін жылдам әрі оңай қыза алады.
Керамикалық қақпақ барбекю ішіндегі температураның сақталуына кепілдік береді.
Ішіндегі температураны қақпақта орналасқан термометрмен оңай бақылауға болады.
Бұл керамикалық барбекю дайындау әдістерінің кең таңдауын ұсынады, атап айтқанда: қуыру, пісіру және тіпті ыстау.
Барбекю ашық ауада пайдалануға арналған.
ТЕҢІЗ ӨНІМДЕРІ
Балық сүбесін не үшін және қалай қуыру керек?
Балық сүбесін не үшін және қалай қуыру керек?
Балық сүбесін грильге дайындаған кезде, бұған барлық балық жарамайтынын білген өте маңызды, себебі кейбіреулері жеңіл шашырап немесе тым жылдам күйіп кетеді.
Сүбе тығыз және қатты консистенцияға ие болуы керек.
Сондай-ақ, жұмсақ балық сүбесін фольгада немесе ағаш (самырсын) тақтада көмештеуге болатындығын есте сақтаңыз.
VIČI бас аспазшысы
Лайфках!
Екі мәсуекке тартылған асшаяндарды аудару әлдеқайда оңай. Теңіз өнімдері айрықша нәзіктігімен ерекшеленеді, сондықтан олар торға жиі жабысып қалады, бұл дайындауды қиындатады. Бұған жол бермеу үшін, пісірер алдында грильді мұқият тазалап, маймен майлау ұсынылады.
Балық торға жабысып қалмайды және оны егер лимон немесе апельсин тілімдерімен бірге грильге дайындасаңыз, керемет хош иіс пен дәмге ие болады.
Мұздатылған мидияларды алдын ала бөлме температурасында жібіту керек.
Тағамды абайлап тұздаңыз. Барлық теңіз өнімдерінің құрамында белгілі бір мөлшерде тұз болатындықтан, дайын өнімді шамадан тыс тұздап жіберу қаупі бар.
Теңіз өнімдерінен жасалған тағамдарға арналған тұздыққа ең қолайлы ингредиенттер лимон шырыны, сарымсақ, көк шөп және зәйтүн майы болып табылады. Кілегей соусы моллюскалармен өте жақсы үйлеседі.
Рецепттер
ГРИЛЬГЕ ПІСКЕН АСШАЯНДАР
Алдымен маринадты дайындаймыз:
1. Шағын тегешке сарымсақ пен тұзды езіңіз, бұрыш және паприка ұнтағын қосыңыз.
2. Зәйтүн майы мен лимон шырынын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
3. Дайындалған маринадты тазартылған асшаяндарға себіңіз және кем дегенде 30 минут маринадтауға қалдырыңыз.
4. Қатты отта грильге немесе істікке екі жағынан 2-3 минут көмештеңіз.
5. Лимон тілімімен бірге беріңіз.
Өте дәмді!
ингредиенттер
• 1 кг асшаян
• 1 дана лимон
• Ұнтақталған паприка 1 шай қасық
• Зәйтүн майы 2 ас қасық
• Лимон шырыны 2 шай қасық
• Тұз, бұрыш дәміне қарай
Ұтыс ойындары өтетін күндер:
19 шілде 2021 жыл:
Алексей (Алматы) … 87 84
Ж. Нусупов (Алматы) … 87 77
Макпал (Алматы) … 60 79
26 шілде 2021 жыл:
02 тамыз 2021 жыл:
09 тамыз 2021 жыл:
16 тамыз 2021 жыл:
23 тамыз 2021 жыл:
Бас жүлде – 31 тамыз 2021 жыл: