«Қар таңқышаяны» таңқышаян таяқшалары қосылған балық көжесі

60 мин
Ақуыздың жоғары мөлшері

«Қар таңқышаяны» таңқышаян таяқшалары, кілегей, көкөністер мен хош иісті шөптер қосылған дәстүрлі емес балық көжесі балық ұнататындарды қуантады. Небәрі жиырма минуттан кейін жағымды иіс пен керемет дәм қуаныш сыйлайды.

Құрамы

  • 1 кг шикі балық бастары мен құйрықтары
  • 200 г «Қар таңқышаяны» таңқышаян таяқшалары VIČI
  • Әшкек будасы (аскөк, ақжелкен, күнзе, райхан және т.б.)
  • 2-4 лавр жапырағы
  • 5-7 дана қара бұрыш
  • Тұз
  • 1 үлкен жуашық
  • 2-3 сарымсақ баданасы
  • 1 үлкен сәбіз
  • 3-4 картоп
  • 2 ас қасық сары май
  • 2–3 ас қасық ұн
  • 1 банка консервіленген қызанақ (жаңа тазартылғандарды тілімдеуге, немесе томат езбесін пайдалануға болады)
  • Кілегей

Дайындық

1
Кастрөлге балық, әшкек, тұз, бұрыш, лавр жапырағын, туралған пиязды, сарымсақты салып, 30-40 минут дайындаңыз.
2
Дайындалған сорпаны сүзгіден өткізіп, майдалап туралған картопты, сәбізді және сарымсақтан жасалған езбені қосыңыз.
3
Сорпада дайындалған көкөністерді, үккіште үгітіңіз.
4
Қыздырылған табаға май, аздаған сорпа құйыңыз және ұн қосыңыз. Алынған массаға консервіленген қызанақтарды қосыңыз және тағы бірнеше минут қуырыңыз.
5
Алынған массаны сорпада үгітілген көкөністермен араластырыңыз да, тағы 10-15 минут пісіріңіз.
6
Дайындап болғаннан кейін көжеге ірі туралған таңқышаян таяқшаларын қосыңыз.
7
Дайындағаннан кейін қаймақпен және әшкекпен қатылған көжені үстелге қоюға болады.