Таңқышаян толтырғышы мен рикотта қосылған орама-дәмтағам

15 мин
Майлардың төмен мөлшері

Құрамы

• Таңқышаян еті VIČI - 200 г
• Рикотта ірімшігі -100 г
• Цукини - 300 г (2 дана)
• Қияр - 200 г

• Кинза, кресс-салат
• Жаңа сығылған лайм шырыны - жартысы
• Тұз, бұрыш - талғамға қарай

Дайындық

1
VIČI таңқышаян етін талшықтаңыз.
2
Бір цукиниді көкөніс тазалағышпен ұзынынан жіңішке етіп кесіңіз. Қиярдың қабығын аршып, ұзыншалап жіңішке етіп тураңыз.
3
Көкөністерді таңқышаян етімен және ұсатылған кинзамен араластырыңыз. Лайм шырынын, тұз, бұрышты қосып, араластырыңыз.
4
Цукини жапырақтарына алынған массаны салып, ораңыз. Үстінен, кондитерлік қап арқылы, орамаға рикоттаны басыңыз (егер ірімшік қою болса, оны кілегеймен еселеуге болады) және кресс-салатпен безендіріңіз. Үстелге дәмтағам ретінде беріңіз.