Мангодан жасалған салат қосылған суримиден жасалған асшаяндар

15 мин
2
бөліктер
Ақуыздың жоғары мөлшері
Майлардың төмен мөлшері

Қарапайым емес, бірақ шынымен де дәмді дәмқосар – мангодан жасалған салат қосылған суримиден жасалған асшаяндарды татып көруге шақырамыз. Экзотикалық мангоның, күнзенің, чили бұрышының, лайм мен апельсин шырынының хош иісі сурими асшаяндарының дәмін керемет толықтырады.

Құрамы

  • Жарты манго
  • Бірнеше сурими асшаяны VIČI
  • 1 шалот пиязы
  • Жарты лаймнан алынған шырын
  • Жарты апельсиннен алынған шырын
  • Бір қасық зәйтүн майы
  • Тұз, бұрыш
  • Аздаған жас күнзе
  • Кішірек чили бұрышы
  • Бірнеше салат жапырағы

Дайындық

1
Соусты лайм шырынымен, апельсин шырынымен және зәйтүн майымен араластырыңыз. Тұздап, бұрыш себіңіз.
2
Салат жапырақтарын тәрелке бетіне қойыңыз да, үстінен манго текшелерін, шалот пиязын және ұсақталған күнзені қойыңыз.
3
Одан кейін суримиден жасалған ір асшаяннан қойыңыз да, соусты молынан құйыңыз. Ұсақталған чили бұрышымен әшекейлеңіз.